Аламанда көптен озған жүйрігімсің…
Аламанда көптен озған жүйрігімсің,
Бәлкім сен көктен түскен бұйрығымсың.
Махаббат майданында құрбан қылмай
Тағдырдың мені түсірген құрығысың.
Аламанда көптен озған жүйрігімсің,
Бәлкім сен көктен түскен бұйрығымсың.
Махаббат майданында құрбан қылмай
Тағдырдың мені түсірген құрығысың.
Қаншалықты мен сүйгенмен
Жүрегіңмен сен шын сүйесің?
Қаншалықты мен күйгенмен
Жаныңменен мен үшін күйесің?
Ол сезім барған сайын өседі екен,
Мен оны жан тәніммен сүйіп қалдым.
Жүрекке түрлі ойлар түседі екен,
Махаббаттың отына күйіп қалдым.
Жаным барда үмітім үзілмейді,
Басқалар ондай жаннан үзіл дейді.
Көбінесе байқаймын, қарап тұрсам,
Сезімдер неге бірге түзілмейді.
Сұлу өлке әсем ауыл баурайында,
Тал бойында бір міні жоқ қыз бар екен.
Жүрегіңді көздеріммен баурайын да,
Ғашық болған жан жүрегім сыздар мекен.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі